jitsu gif branding logo appbranding logo app

    "Әке атандырған тұңғышым": Мейрамбек Бесбаев мектеп бітірген қызына әсерлі жазба арнады (фото)

    Мейрамбек Бесбаев қызы Кәусармен
    Мейрамбек Бесбаев қызы Кәусармен. Фото: instagram.com/m_besbaev

    Әнші Мейрамбек Бесбаев әлеуметтік желіде биыл мектеп бітірген қызы Кәусарға арнап әсерлі жазба жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "Бүгін мені әке атандырған тұңғышым, нәзік гүлім Кәусарым мектеп бітірді. Қызыма ғана емес, мен үшін де толқынысқа толы күн болды.

    Балапандарымызды 11 жыл білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беріп, қанаттарын қатайтып, кішкентай жүректеріне үлкен арман ұялатқан Кәусарым оқыған Ш.К.Беркінбаева атындағы Алматы қыздар мектеп-лицей-интернатының басшылығына, барша ұстаздарына рақметімді айтамын.

    Түлектердің жолдары ашық, болашақтары жарқын болып, ізгі армандары орындалсын!" - деп жазды әнші Instagram-дағы парақшасында.

    Ал желі қолданушылары кішкентай Кәусардың есейіп кеткеніне таңғалып, жылы лебіздерін жазуда.

    "Ақ жол, болашағың жарқын болсын!", "Жолы әрқашан ашық болсын!", "Уақыт деген зымырап жатыр екен. Кәусардың бірінші сыныпқа барғанын көріп едік, міне енді бітіріп жатыр. Болашағы керемет болсын!", "11 жыл бұрын мектепке апарып партаға отырғызғандарын көргенмін, уақыт деген зымырап өте шығыпты ғой. Қадамы нық, құтты болсын", "Каусар кеше ғана кіп-кішкентай балапан қыз еді. Өмір деген қалай зырғып жатыр", "Үлкен маман иесі болсын" ,"Ақ жол тілейміз", - деп жазған желі оқырмандары.

    Айта кетейік, Мейрамбек Бесбаев жұбайы Мархабатпен үш баланы тәрбиелеп отыр. Олардың кенжесі былтыр дүниеге келді.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.