jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Тұрсын мен Баян Алагөзовтер екі қызының тұсаукесер тойын дүркіретіп өткізді (видео)

    Баян Алагөзова күйеуімен
    Баян Алагөзова күйеуімен. Фото: Instagram/bayanmaxatkyzy

    Отандық продюсер әрі актриса Баян Алагөзова және кәсіпкер Тұрсын Алагөзов қыздары Алиса мен Алманың туған күнін жасап, тұсауын кестірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Тойдың қалай өткенін Баян Алагөзованың өзі және Айсәуле Бақытбек, Аида Қауменова, Аша Матай сынды басқа да той қонақтары Instagram желісінде стористе көрсетті.

    Той қазақ халық ертегілерінің үлгісінде ұйымдастырылған. Кештің басты кейіпкерлері – екі бүлдіршін және олардың ата-анасы, сондай-ақ қонақтардың киім үлгісі де соған сай болды. Алып батырлар мен басқа да ертегі кейіпкерлері тойға келгендердің көңілін көтерді.

    Тойда кішкентай Алиса мен Алманың тұсауы кесілді.

    Айсәуле Бақытбек Алисаның, ал Аша Матай Алманың тұсауын кесті.

    Тойда әсерлі қойылымдар қойылып, кішкентай бүлдіршіндердің құрметіне алып торттар ортаға әкелінді. Ал Баян мен Тұрсын Алагөзовтер қыздарының құрметіне ән айтты. Композиция қонақтарды бей-жай қалдырмады, оларға отбасылық бақыт, ал кішкентай Алма мен Алиса ұзақ ғұмыр тіледі.

    Тұрсын мен Баян Алагөзовтер екі қызының тұсаукесер тойын дүркіретіп өткізді (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.