jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    "Мортал Комбат" фильмінің жұлдызы Кэри-Хироюки Тагава дүниеден озды

    актер Кэри-Хироюки Тагава
    Кэри-Хироюки Тагава. Фото: Joshua Blanchard/Getty Images

    75 жасында Mortal Kombat фильмінің жұлдызы, актер әрі продюсер Кэри-Хироюки Тагава дүниеден озды, деп хабарлайды USA Today басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Актер Санта-Барбарада қайтыс болған. Оның баспасөз хатшысының айтуынша, өлім себебі – инсульттен кейінгі асқыну.

    IMDB-дегі мәліметтерге сүйенсек, Кэри-Хироюки Тагава 1950 жылғы 27 қыркүйекте Токиода америкалық әскери қызметші мен жапон актрисасының отбасында дүниеге келген. Әкесінің қызметіне байланысты отбасы жиі көшіп-қонып жүрген, актердің балалық шағы АҚШ-та өткен.

    Отбасы Оңтүстік Калифорнияға тұрақты қоныстанғаннан кейін, Тагава орта мектепте актерлік өнерді қолға алған. Ол сондай-ақ каратэ және кендо спортымен белсенді түрде шұғылдана бастаған.

    Оның кинодағы дебюті 1986 жылы болды. Тагава режиссер Джон Карпентердің "Большой переполох в маленьком Китае" фильмінде шағын рөлді ойнап шықты. Ал халықаралық ірі жобалардағы алғашқы рөлін "Соңғы император" фильмінде ойнады.

    Тагава Mortal Kombat фильмінен кейін әлемдік танымалдыққа ие болды. Ол фильмдегі зұлым Шан Цзуннің рөлі арқылы бүкіл әлемге танылды.

    Бұдан кейін актердің мансап жолы өрге домалап, көптеген фильмге түсті.

    "Мортал Комбат" фильмінің жұлдызы Кэри-Хироюки Тагава дүниеден озды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.