jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    "Балалармен далада бір сағаттай отырдық": Ерке Есмахан Алматыда жер сілкінген сәтті есіне алды

    Ерке Есмахан отбасымен бірге
    Ерке Есмахан отбасымен бірге. Фото: Instagram / erke_esmahan

    Қазақстандық әнші Ерке Есмахан 4 желтоқсанда Алматыда жер сілкінген сәтті есіне алды – ол жерасты дүмпуін сезгеннен кейін отбасымен бірге бір сағаттай далада болған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Әдеттегідей желі парақшасына жазылған тыңдармандарының сұрақтарына жауап берген Ерке Есмахан Алматыдағы жер сілкінісін сезгенде не істегенін айтып берді.

    "Бүгін жер сілкінді. Жоғарғы этажда қорықпайсыз ба?", - деп алаңдаушылық білдірді тыңдармандарының бірі.

    "Тал түске дейін ұйықтап жатқам. Жер сілкінгеннен атып тұрдым. Балаларды алып, далаға шықтық. Бір сағаттай отырып, үйге кірдік. Алла елімізге, жерімізге амандық берсін. Түрлі апаттардан сақтасын", - деп тыңдарманының сұрағына жауап берді Ерке Есмахан.

    Тағы бір желі қолданушысы әншінің үйі парақшасындағы фотоларда үнемі "мінсіз таза" болып тұратынына таңданыс білдіріп, "пәтері шашылып жататын кездер болмай ма" деген сауал қойды. Бұл сұраққа жауап берген Ерке үйінде бір емес, екі қызметші тазалыққа жауап беретінін жасырмады.

    "Сіздерге үйдің бер жағын ғана көрсеттім. Соның өзіне "өтірік, суретке түсетін жер ғой" деп көбі жазыпты. Негізі Муслимнің бөлмесі, күйеуімнің студиясы, сауна, үлкен гардероб, үш душ бөлмесін, подъезді көрсетпедім. Үлкен шаршы метр болғасын, үкен румтур керек. Алда бәлкім румтур жасармын... Үй шашылмайды. Екі жұмысшы қыз жинап жүреді бәрін. Балалар ойнап шашса, артынша тез жинап қояды. Қазір тағы мақтаншақ, өтірік дейсіздер", - деп жазды Ерке Есмахан.

    "Балалармен далада бір сағаттай отырдық": Ерке Есмахан Алматыда жер сілкінген сәтті есіне алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.