jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Жанболат пен Жазира ұлдарының үйлену тойын дүркіретіп өткізді (фото, видео)

    Той
    Жанболат Ербатыров пен Жазира Байырбекованың ұлының үйлену тойы. Фото: instagram.com/ann_2905

    Қазақстандық әнші жұп Жанболат Ербатыров пен Жазира Байырбекованың ұлы шаңырақ көтерді, әлеуметтік желіде үйлену тойынан кадрлар жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Алғашқылардың бірі болып фото-видеоларды Instagram-дағы парақшасында тойды жүргізген тележүргізуші Анна Данченко жариялады.

    Тойға өнерлі жұптың танымал әріптестері шақырылған. Тойда Мейрамбек Беспаев жұбайымен, Бүркіт пен Аиша, Гүлзира Айдарбекова, Қайрат Нұртас, Жұлдыз Әбдікәрімова, Мөлдір Мұқанова, Алтынай Жорабаева, Аша Матай және басқа да ресейлік шоу-бизнес өкілдері бой көрсетті. Көпшілігі жас жұбайлардың құрметіне музыкалық құттықтау жасады.

    Жұлдыз Әбдікәрімова желіде үйлену тойынан фото жариялап, Жанболат пен Жазираны маңызды оқиғамен құттықтап, ұлы мен келініне бақыт тіледі.

    Жазира Байырбекованың өзі де Алматыдағы сәнді мейрамханада өткен үйлену тойынан кадрларды желіде бөлісті. Желі пайдаланушылары жас жұбайлар Қазбек пен Асылыны құттықтап, бұл мерекені "жылдың үйлену тойы" деп атады.

    Жанболат пен Жазира ұлдарының үйлену тойын дүркіретіп өткізді (фото, видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.