"Болливуд жұлдызы ма деп қалдым": Берік Айтжанов жас кезін көрсетті (фото)
Жарияланған күні:
Читать на русском
Танымал қазақ актері Берік Айтжанов әлеуметтік желіде жас кезіндегі суретін жариялап, қалың оқырманның қызу талқысына түсті. Актерді көбі шетелдік жұлдыздарға ұқсатқан, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Берік Айтжанов жас кезіндегі суретін Instagram-дағы парақшасына жариялап, жазба қалдырды.
"20 жастағы өзіме айтарым ……. Асықпа. Әр нәрсенің өз уақыты бар. Кейде жолың тым ұзақ болып көрінеді, кейде бәрінен шаршайсың. Бірақ дәл сол қиындықтар сені шыңдайды.
Адамдардың сөзіне емес, жүрегіңдегі арманға сен. Қателесуден қорықпа, жоғалтудан қорықпа. Өнерде ең маңыздысы – шынайылық пен сабыр.
Бір күні сен армандаған рөлдер де келеді, өзіңді түсінетін көрермен де табылады. Тек жолдан тайма, және… ата-анаңның жанында көбірек уақыт өткіз. Өмір өте тез өтеді", - деп жазды актер.
Алайда желі қолданушылары актердің жас кезінде қазаққа мүлде ұқсамайтынын жарыса жазған.
"Басында Болливуд жұлдызы ма деп қалдым", Мен де Бразилия жігіті екен деп ойладым", "Үндіске ұқсап тұрсыз", "Оңтүстік Американың адамдарына ұқсап кеттіңіз", "20 жасыңызда қазаққа ұқсамайды екенсіз", "Мексикалық актерге ұқсайсыз", "Сіз қазақтың Рассел Кроуысыз", "Қазақ киносының ең сымбатты жігіті", "Көшпенділердегі" Әбілмансұр болып тұрсыз ғой", "Өте керемет айттыңыз. Осы сөздер балама керек болып тұр еді дәл уақытында", - деп пікір қалдырған оқырмандар.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/showbiz/personal-life/2371807-bollivud-zhuldyzy-ma-dep-qaldym-berik-aitzhanov-zhas-kezin-korsetti-foto/