jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    "Біз сенің қасыңдамыз": Қайрат Нұртас мектеп бітірген қызының соңғы қоңырау салтанатында өнер көрсетті

    Кайрат Нуртас
    Кайрат Нуртас. Кадр из видео: instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial

    Әнші Қайрат Нұртас пен актриса Жұлдыз Әбдукәрімованың ортаншы қызы Алау мектеп бітірді. Өнер иелері қызының салтанатты іс-шараға қатысты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Жұлдыз Әбдукәрімова Instagram желісіндегі парақшасында мектеп іс-шарасынан видео жариялады.

    "Алау Қайратқызы – жас түлек. Жолың ақ, талабың нұрлы, зейінің ашық болсын! Сен армандаған белестің биік екенін білемін. Сен оған өз талпынысыңмен жетеріңді де білемін. Біз сенің қасыңдамыз" , - деп жазды актриса.

    Салтанатты рәсімге Алаудың анасы ғана емес, әкесі Қайрат Нұртас та барды. Әнші түлектер мен мұғалімдерге арнап өнер көрсетті.

    "Өзімнің әкем келгендей қатты қуандым", "Қалаған оқу орнына түсуіңе тілектеспін", "Өте әдемі балалар, формаларын айтсаңшы, бұндай форма көрмегелі қай заман", "Қандай күшті әкесінің барғаны. Қанша танымал болса да, қарапайым халықпен бірге тұр" - деп пікір қалдырды желі қолданушылары.

    "Біз сенің қасыңдамыз": Қайрат Нұртас мектеп бітірген қызының соңғы қоңырау салтанатында өнер көрсетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.