"Өнер қырандары" актерінің денсаулығы сыр берді
Жарияланған күні:
"Өнер қырандары" театрының актері Меліс Наурызбековтің денсаулығы күрт нашарлады. Әріптесі Мадияр Серікбаевтың айтуынша, беліне жасалған операциядан кейін дәрігерлер оған 6 ай бойы тынығуға кеңес берген. Алайда актер гастрольдік сапарларға қатысып, қазір орнынан тұра алмай қалған. Бір кездері Америкаға барып, Түркияда кәсіппен айналысқан өнер иесінің жағдайы көпшілікті алаңдатып отыр, деп хабарлайды El.kz.
Мадияр Серікбаевтың сөзінше, актердің белі ауырып, оған операция жасалған. Дәрігерлер ұзақ уақыт тынығуға кеңес бергенімен, Меліс Наурызбеков гастрольдік сапарға шығып кеткен.
"Меліс денсаулығына байланысты жатып қалды. Гастрольдің алдында операция жасаған. Негізі 6 ай жат, тұрма деген. Амал жоқ концертке шығып кетті. Талдықорғанға әрең барып келгенде 1 рет емдетті. Тағы да тұра алмай қалды. Концертке ауруды басатын дәрі егіп шықты. Белден төмен қарай істемей қалды. Тұра алмай жатыр", – деді ол.
Театр басшысы көпшіліктен актердің тезірек сауығып кетуі үшін дұғада болуды сұрады. Қазіргі таңда өнер иесінің нақты диагнозы мен алдағы ем-дом шаралары туралы қосымша ақпарат жарияланған жоқ.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/showbiz/personal-life/2385150-oner-qyrandary-akterining-densaulygy-syr-berdi/