jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    "Кейде жанған, кейде тоңған адаммын": жүрегіне ота жасатқан Нұрғали Нүсіпжанов жазба жариялады

    Нұрғали Нүсіпжанов
    Фото: Уикипедия

    Белгілі әнші Нұрғали Нүсіпжанов жүрегіне ота жасатты. Бұл туралы ол өзінің Instagram желісіндегі парақшасында айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Отадан кейінгі ойларын әнші оқырмандарына бөлісті

    "Отадан кейінгі ой-толғам.

    Бұл өмір — сынақ… Біреулер сол сынақты жылап көтерсе, екіншілер шыдап көтереді. Тағдыр жолым тақтайдай тегіс емес екенін жалпақ жұртқа жария етпесем де, көп жайтты елдің іші сезеді…

    Көкірегіне күйік толған — кейде жанған, кейде тоңған адаммын. Шыдамдылығымды шыңдайын дегендей, Жаратқан Ием ширатқалы шиыршық атып өмір сүріп келем. Уақыттың жазбайтын жарасы жоқ, бірақ көңілде өткен күннен қалған сыз жоқ емес, ол ізсіз кетпейді екен. Жұдырықтай жүрекке салмақ түсіріп алғандардың алды да, арты да мен емес шығармын.

    Атақ-абыройға бас ұрған адам емеспін, сезімнен күшті сабыр мен айғайдан мықты үнсіздікті серік еткен Құдайдың құлымын. "Жалғыздың жары — Құдай" деген сөз рас екен… Сыналған сәтте сыйынғаным бір Алла болды.

    Сенгенім, сүйенгенім — қалың елім, қазағым… Қашанда ағайын-жұртым, сіздерге арқа сүйедім. Жаратқанның жарылқағаны болар, өзім қастерлеген қазағым әрқашан қадірімді арттырып, қасиетімді көтеріп келеді. Қалың көптің бата-тілегіне қарыздармын.

    Отаның оңайы жоқ… Жүрегіме операция жасап: "Киелі сахнаңызға барып, сағыныш мауқыңызды басыңыз, Аға!" — деп маған екінші өмір сыйлаған Ермағанбет Қуатбаев, Артур Абдимомынов, Азамат Наурушев сынды медицинаның сайыпқырандарына адал жүрегіммен, ақ басымды иіп тұрып, алғыс-рахметімді айтамын!", - деп жазды ол.

    "Кейде жанған, кейде тоңған адаммын": жүрегіне ота жасатқан Нұрғали Нүсіпжанов жазба жариялады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.