jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Таиландта жоғалған қазақстандық рэпер табылды (видео)

    Кисло-Сладкий
    Кисло-Сладкий. Фото: instagram.com/sweetchili999

    Қазақстандық режиссер Парасат Ибраев Таиландта жоғалып кетті делінген рэпер Кисло-Сладкий (шын есімі – Дархан Жұмабек) аман-есен табылғанын және оның жағдайы жақсы екенін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Режиссер Instagram желісіндегі парақшасында жазба жариялады.

    "Дархан аман-есен табылды! Осы күндері алаңдап, іздеп, ақпарат таратып, қолдау көрсеткен барша жанға алғысымыз шексіз", - делінген жазбада.

    Telegram-дағы SHOT арнасының хабарлауынша, әртіс Пхукеттегі ауруханалардың бірінен табылған. Отбасының айтуынша, ол ешқандай ауыр жарақат алмаған.

    Айта кетейік, жақында қазақстандық режиссер Парасат Ибраев әлеуметтік желіде танымал рэпер Кисло-Сладкийдің Таиландта жоғалып кеткенін хабарлаған еді. Соған байланысты ол миграциялық полицияға жүгінген.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram