jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Қызына көлік, тойбастарға гауһар тас: Мөлдір Мұқанова дүбірлі той жасады

    Мөлдір Мұқанова
    Мөлдір Мұқанова. Кадр: instagram.com/moldir.mt

    Белгілі әзілкеш әрі шоумен Тұрсынбек Қабатовтың бұрынғы жары, әнші Мөлдір Мұқанова бірден үш қуанышты біріктіріп, дүбірлі той өткізді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Мөлдір Мұқанованың отбасы қуанышты жаңалықтарды атап өтіп жатыр – үлкен қызы Дубайдағы жоғары оқу орнын, екінші қызы мектепті тәмамдаса, кенже ұлы сүндеттелген. Осылайша, өнердегі әріптестердің басын қосқан дүбірлі тойды жасауға бірден үш айтулы оқиға себеп болған.

    Мерекелік шараға Майра Ілиясова, Қайрат Нұртас және оның әйелі, RaiM мен Ерке Есмахан, Маржан Арапбаева, Айгүл Иманбаева, Жазира Байырбекова және басқа да әртістер келді. Олардың барлығы сол кеште ән айтып, би билеп, көңіл көтерді.

    Мөлдір Мұқанованың өзі тойда ән айтып, үлкен қызына жаңа көлік сыйлады, сондай-ақ қуанышты сәтке ортақтасуға келген қонақтарға тойбастар ретінде гауһар тастардан жасалған бұйымдар сыйға тартылды.

    Қызына көлік, тойбастарға гауһар тас: Мөлдір Мұқанова дүбірлі той жасады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.