Серік Ибрагимов төртінші рет әке атанды
Жарияланған күні:

Қазақстандық танымал әнші Серік Ибрагимов пен оның жары Айнамкөз Әбдімаева төртінші рет ата-ана атанды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Бұл қуанышты жаңалықты әнші өз Instagram желісіндегі Stories-те бөлісті. Перзентханада түсірілген видеода Серік Ибрагимов жары мен жаңа туған нәрестесінің қасында тұрып, төрт саусағын көрсету арқылы шаңырағында төртінші перзенттің дүниеге келгенін меңзеп, оқырмандарынан сүйінші сұрады.
Өнер иесінің отбасы жайлы ақпарат
Ерлі-зайыптылардың енді төрт баласы бар:
- Хамза — отбасының тұңғыш ұлы;
- Рабиа — отбасындағы қыз бала;
- Шадияр — 2024 жылғы қаңтарда дүниеге келген ұлы.
- Сондай-ақ бұған дейін жұлдызды жұп арнайы гендер-пати видеосын жариялап, отбасылары тағы бір ұл баламен толығатынын сәуірде сүйіншілеген еді. Ал, бүгін 28 шілдеде Серік Ибрагимов төртінші рет әке атанғанын жария етті.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/showbiz/personal-life/2404856-serik-ibragimov-tortinshi-ret-ake-atandy/
