jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    "Малсыңдар, болды": ашуға берілген Димаш Құдайберген желіде өткір жазба жариялады

    Димаш Құдайберген
    Димаш Құдайберген. Фото: instagram.com/kudaibergenov.dimash

    Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген отбасылық зорлық-зомбылық тақырыбына қатысты өткір жазба жариялады. Ол әйелдерге қол көтеретін ер азаматтарға ескерту жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Димаш Instagram парақшасында ашуға толы жазба жария етті. Әнші әйелдерге қол көтеретіндерді еркек деп атауға лайық емес деп санайды.

    "Әйелді сабап, соны мақтаныш көретіндер, қай беттеріңмен өздеріңді еркекпін деп жүрсіңдер?! Жұдырықтарың әйелге ғана жүретін болса, сендер еркек емес — малсыңдар, болды. Әйелге әлімжеттік жасап абырой жинаймын деу — адамдықтың ең төменгі шегі!", — деп жазды әнші.

    Желі қолданушыларының реакциясы

    Димаштың бұл сөздері әлеуметтік желіде санаулы минуттардың ішінде мыңдаған қолдау пікір жинады. Желі қолданушылары әншінің позициясына сүйсініп, өз ойларын білдірді.

    "Әр қазақтың жігіті Димаштай болсын. Нәзікжандыларға қорлық емес, қамқорлық қажет", "Егер барлық еркектер сен сияқты және сенің отбасыңдай болғанда, әлеміміз жұмаққа айналар еді" — деп пікір қалдырды қолданушылар.

    Шетелдік жанкүйерлер де өз тілдерінде жарыса пікір жазып, Димаштың сөздерін "нағыз ер азаматтың сөзі" деп бағалады. Олар мұндай маңызды проблеманы айналып өтпей, қоғам назарын аудару мәселені шешуде өзіндік үлес қосатынын атап өтті.

    "Малсыңдар, болды": ашуға берілген Димаш Құдайберген желіде өткір жазба жариялады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.