Алтынай Жорабаева желіде отбасындағы қуанышын бөлісті
Жарияланған күні:
Читать на русском
Әнші Алтынай Жорабаева Instagram желісіндегі парақшасында қуанышты жаңалығын айтты. Оның қызы Қытайға магистратураға түсті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Алтынай Жорабаева қызы Аяулымның Қытайда екі жыл грант негізінде оқығанын айтты. Ол қытай және жапон тілдерін меңгерген. Биыл Аяулым сол елде магистратураға грантқа түсті.
" Қуанышты бөліссең, көбейеді демекші… Аяулым қызымыз бізді тағы да қуанышқа бөлеп, таңғалдырып жатыр. Аллаға шүкір! Осындай қуанышымызды сіздермен де бөліскім келді", - деді әнші.
Желі қолданушылары әншіні құттықтап, пікір қалдыруда.
"Алтынай, қуанышыңа ортақпыз. Алтын қыздарың сеніміңді ақтап жатыр, мақтан тұт", "Аяулым, жарайсың", "Менің де балаларым грантқа түссін", - деп жазды желі қолданушылары мен әріптестері.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/showbiz/personal-life/2417831-altynai-zhorabaeva-zhelide-otbasyndagy-quanyshyn-bolisti/
