Нью-Йоркте бірге жүрген Дакота Джонсон мен Machine Gun Kelly жақын қарым-қатынаста деген қауесет таралды
Жарияланған күні:
Читать на русском
PageSix басылымының жазуынша, актриса мен рок-музыкант кешті Тейлор Свифттің пәтерінде өткізген. Бұл жайт Джонсон Role Model лақап атымен танымал әншімен айырылысқанына бірнеше апта өткен соң болып отыр, деп жазды KAZ.NUR.KZ.
Папарацци актриса Дакота Джонсон мен Machine Gun Kelly лақап атымен танымал музыкант Колсон Бэйкерді Нью-Йоркте бірге жүрген жерінде байқап қалды. Дереккөздердің хабарлауынша, жұп Трайбека ауданындағы әнші Тейлор Свифттің пәтеріне барған. Свифттің өзі сол сәтте қалада болмаған, ол жұбайы Трэвис Келсимен бірге Канзас-Ситиде жүрген.
Журналистер Джонсонның ғимаратқа қара түсті жол талғамайтын көлікпен бірінші болып келгенін, ал отыз минуттан кейін актрисаның күзетшілерімен бірге Бэйкердің келгенін байқаған. Кейінірек танымал тұлғалар "Пятьдесят оттенков серого" фильмінің жұлдызы тоқтаған қонақүйге қарай бет алған. Әртістердің өкілдері олардың қарым-қатынасына қатысты әзірге пікір білдірмеді, сондықтан оларды романтикалық сезімдер байланыстыра ма, әлде бұл жай ғана достық кездесу ме, ол жағы белгісіз.
Ықтимал роман туралы қауесеттер 36 жастағы Джонсонның Role Model лақап атымен өнер көрсететін музыкант Такер Пиллсберимен айырылысқаны белгілі болғаннан кейін пайда болды. Актриса Колсон Бэйкермен осы жылдың жазында Тейлор Свифт пен Трэвис Келсидің үйлену тойында танысқан, екеуі де сол тойға шақырылған қонақтардың қатарында болған.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз