"Әттең, Зәкең жоқ, бастарын жұлып алатын еді": Мақпал Жүнісова ренішін айтты
Жарияланған күні:

Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова үйінің сыртқы қасбетін жөндеген құрылысшылардың жұмысына көңілі толмай, әлеуметтік желіде олардың жауапсыздығын сынға алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Әншінің айтуынша, құрылыс тобы жөндеу жұмыстарын 4 ай бойы жүргізген. Бұл уақытта ол жұмысшыларға бар жағдайын жасап, үйінің жанына орналастырған және қызметтері үшін 55 миллион теңге төлеген. Процесс ұзаққа созылғанына және қомақты қаржы жұмсалғанына қарамастан, арада бір жыл да өтпей жатып үйдің қасбеті бұзылып, сылағы түсе бастаған.
"Еркегі жоқ, жесір әйел" деп басынғаны ма? Мен ол бригадирді білемін… Қалай жыламайсың енді. Әттең, Зәкең жоқ, бастарын тура жұлып алатын еді", – деп ағынан жарылды өнер иесі.
Әнші мердігерлерді танитынын жеткізді, алайда олармен соттасып, уақыт құртқысы келмейтінін білдірді. Оның мақсаты — халыққа осы жағдайды көрсетіп, құрылысшылардың жауапсыз әрекетін жария ету.
Мақпал Жүнісова жариялаған видеожазбадан үйдің сыртқы қабырғасының бірнеше жерден бүлініп, сылағының құлап жатқанын анық көруге болады.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/showbiz/personal-life/2427507-atteng-zakeng-zhoq-bastaryn-zhulyp-alatyn-edi-maqpal-zhunisova-renishin-aitty/
