Анджелина Джоли мен Брэд Питттің үлкен ұлы Мэддокс әкесінің тегінен ресми түрде бас тартты
Жарияланған күні:
Читать на русском
Лос-Анджелестегі судья 25 жастағы Мэддокстың өтінішін мақұлдап, оның есімін Мэддокс Чиван Джоли деп өзгертті. Бұл туралы People басылымына сілтеме жасап KAZ.NUR.KZ хабарлады.
Голливуд актерлері Анджелина Джоли мен Брэд Питттің үлкен ұлы Мэддокс әкесінің тегін өз аты-жөнінен ресми түрде алып тастады. Лос-Анджелес округінің Жоғарғы сотының судьясы Вирджиния Кини сот отырысы барысында тиісті құжаттарды бекітіп, берілген өтінішке ешқандай қарсылықтың жоқтығын растады. Енді 25 жастағы жігіттің толық аты-жөні — Мэддокс Чиван Джоли-Питт емес, Мэддокс Чиван Джоли.
Мэддокс есімін өзгерту туралы заңды өтінішті мамырда беріп, себебін "жеке жағдайлар" деп көрсеткен. Режиссердің ассистенті болып жұмыс істейтін және анасының киножобаларына қатысатын жас жігіт іс жүзінде есімінің қысқартылған нұсқасын бұрыннан қолданып келген. Атап айтқанда, фильмдердің титрлерінде ол тек Джоли тегімен көрсетілген.
Мэддокс, осылайша, Брэд Питттен заңды түрде алшақтауды ұйғарған жұлдызды жұптың кезекті баласы қатарынан табылып отыр. Бұған дейін оның қарындасы Шайло да осындай қадамға барып, кәмелет жасына толғаннан кейін 2024 жылы тегін ресми түрде өзгерткен болатын. Басқа қарындастары Захара мен Вивьен де Питт тегін алып тастау бойынша заңды қадамдар жасауда. Мэддокстың адвокаты Питер Кеннет Левин баспасөзге түсініктеме беруден бас тартты, ал экс-жұбайлар Джоли мен Питт сот шешіміне қатысты әзірге ресми мәлімдеме жасаған жоқ.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/showbiz/personal-life/2427626-andzhelina-dzholi-men-bred-pittting-ulken-uly-meddoks-akesining-teginen-resmi-turde-bas-tartty/