jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

    Леди Гага мен Майкл Поланскидің қызының есімі терең мағынаға ие екені рас па

    Леди Гага мен Майкл Полански. Фото
    Леди Гага мен Майкл Полански. Фото: Kevin Mazur/Getty Images for The Recording Academy

    The Blast басылымының жазуынша, Леди Гага мен Майкл Поланскидің жаңа туған қызы Роуз Биннің есімі француз әнінің кавер-нұсқасымен және музыкалық белсендімен байланысты болуы мүмкін, деп хабарлады KAZ.NUR.KZ.

    Әнші Леди Гага мен оның сүйіктісі Майкл Полански жаңа туған қыздарына Роуз Бин Полянски деген есім берді. Сәби 9 маусымда Лос-Анджелестегі "Сидарс-Синай" медициналық орталығында дүниеге келді. Баланың есімі әнші үшін ерекше мағынаға ие.

    Роуз есімі әнші "Жұлдыз туды" фильмінде орындаған Эдит Пиафтың әйгілі La Vie en Rose композициясына қатысты қойылған. Сондай-ақ әртістің арқасында раушан гүлі мен осы әннің аты жазылған татуировка бар. Екінші есімі Бин, шамасы, Леди Гаганы Born This Way хитін жазуға шабыттандырған I Was Born This Way әнінің авторы, музыкант әрі белсенді Карл Биннің құрметіне берілген көрінеді. 2024 жылы некелерін қиюға ниетті екендерін жариялаған жұп әзірге көпшілік алдында пікір білдіруден бас тартып отыр.

    Леди Гага мен Майкл Поланскидің қызының есімі терең мағынаға ие екені рас па

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram