jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

    Анджелина Джоли мен Брэд Питттің қызы Захара әкесінің тегінен ресми түрде бас тартты

    Захара и Анджелина Джоли
    Захара и Анджелина Джоли. Фото: XNY/Star Max/GC Images/Getty Image

    PageSix басылымының хабарлауынша, Лос-Анджелес соты 21 жастағы Захараның тегін Джоли-Питттен Джолиге ауыстыру туралы өтінішін қанағаттандырды, деп жазды KAZ.NUR.KZ.

    Лос-Анджелес соты голливудтық актерлер Анджелина Джоли мен Брэд Питттің қызы, 21 жастағы Захараның тегін ауыстыруын ресми түрде бекітті. Page Six басылымы қол жеткізген сот құжаттарына сәйкес, судья бойжеткеннің аты-жөнін Захара Марли Джоли-Питттен Захара Марли Джолиге өзгерту туралы өтінішін қанағаттандырды. Қаулыда өтінішке ешқандай қарсылықсыз ресми түрде қол қойылғаны атап өтілген.

    Тегін өзгерту рәсімі жергілікті Los Angeles Daily Journal газетінде хабарландыру жариялауды талап етті, Захара бұл талапты бұған дейін орындаған болатын. Қыз Спелман колледжінде оқып жүргенде және ресми іс-шараларда тегінің қысқартылған нұсқасын көпшілік алдында қолданып келген, алайда енді әкесінің тегінен бас тартуы заңды түрде бекітілді.

    Захара ата-анасының ұзаққа созылған ажырасуы аясында осындай қадамға барған бұрынғы жұбайлардың жалғыз баласы емес. 2024 жылы Шайло 18 жасқа толған күні тегін ауыстыру туралы ресми сот өтінішін берді. Сонымен қатар Мэддокс пен Вивьен бұған дейін тиісті құжаттарды ресімдеп, жариялаған болатын, ал олардың бауыры Нокс мектеп аттестатынан Питт тегін алып тастады.

    Анджелина Джоли мен Брэд Питттің қызы Захара әкесінің тегінен ресми түрде бас тартты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram