jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    "Бір күнде көлігімнен де, ақшамнан да айырылдым": Дана Нұржігіт өміріндегі қиын кезең туралы айтты (видео)

    Дана Нұржігіт
    Дана Нұржігіт. Кадр: youtube.com/@aissaulebakytbek

    Тележүргізуші Дана Нұржігіт өміріндегі қиын кезеңді еске алды, деп жазды Aikyn.kz. 

    Ол сталкинг құрбаны болған және сол сәтте алаяқтардың арбауына түсіп қалған. Айтуынша, басына қиындық туғанда он үш жастағы ұлы анасына тірек болып, қолдау білдірген.

    "Бұл өмірде тапқан олжам – ақылды бала, адал дос. Балам сол кезде 13 жаста болды. Басында "Қандай да болсын әкем болғанын тілеймін" деп айтатын. Кейін оның да көңілі қалды. Сол кезде екеуміз бір шеп болып, бірге болдық. Ол менің ең бірінші тірегім болды. "Жығылғанға – жұдырық" болып, сол кезде алаяқтардың қақпанына түсіп қалдым. Бір күнде көлігімнен де, біршама ақшамнан да айырылдым.

    Екеуіміз қара жаяу қалдық. Құдайға жалбарынып, "Көрсетпеген тағы нең қалды?" дедім. Сонда ұлым "Мама, мен сіздің көз жасыңызды да көрдім, депрессияға түскеніңізді де көрдім. Бірақ сынғаныңызды көргім келмейді" деді. Он үштегі балаң осылай айтып тұрған кезде қалай сынасың?!", – дейді Дана Нұржігіт Айсәуле Бақытбекке берген сұхбатында.

    Тележүргізуші бұрынғы күйеуі сталкинг жасағаннан кейін денсаулығы сыр бергенін айтқан еді.

    "Бір күнде көлігімнен де, ақшамнан да айырылдым": Дана Нұржігіт өміріндегі қиын кезең туралы айтты (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram