"Қатынасымыз аяқталды": Абай Асылхан Жанель Мақажанмен ажырасқанын мәлімдеді
Жарияланған күні:

Актер Абай Асылхан мен актриса Жанель Мақажан ресми түрде ажырасты. Өнер иесі бұл қадам екі тарап үшін де оңай болмағанын жеткізді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Абай Асылхан өзінің Instagram-дағы парақшасында жеке өмірі туралы пікір білдірді. Оның айтуынша, бес жылға созылған неке бұзылған.
"Иә, Жанель екеуміздің ерлі-зайыптылық қарым-қатынасымыз аяқталды. Біз бірге бес жыл өмір сүрдік. Бұл кезеңде қуанышты сәттер де, қиындықтар да болды. Мен үшін бұл шешім өте қиын болды. Бұл екеуміздің бірдей шешіміміз болды, сырттан ешкім араласпады", — деп жазды шоумен.
Сондай-ақ ол жеке өмірінің ұсақ-түйегін көпшілік талқысына салғысы келмейтінін білдірді. Сонымен қатар экс-жарына амандық тилеп, оны балаларының анасы ретінде әрдайым сыйлайтынын меңзеді.
"Оған амандық пен жақсылық тілеймін. Ол — балаларымыздың анасы, сондықтан өзара құрметті сақтауды маңызды деп санаймын", — деді ол.
Өнер иесінің сөзінше, ажырасудың құқықтық жақтары заңға сәйкес реттеліп жатыр. Ол бұл процестің тыныш әрі артық дау-дамайсыз өткенін қалайды.
"Балаларымның алдындағы әкелік жауапкершілігімді әрі қарай да атқара беремін", — деп түйіндеді Абай Асылхан.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/showbiz/personal-life/2441032-qatynasymyz-aiaqtaldy-abai-asylhan-zhanel-maqazhanmen-azhyrasqanyn-malimdedi/