"Бұл жолы кино емес": Дариға Бадықова мен Олжас Абай шаңырақ көтерді
Жарияланған күні:
Читать на русском
Қазақстандық актриса әрі продюсер Дариға Бадықова мен оның әріптесі Олжас Абай некелесті. Бұл туралы олар желіде жазды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ .
Олжас Абай үйлену тойының қалай өткенін көрсетті. Қонақтар арасында әртістердің жақындары мен өнердегі достары болды.
"Бұл жолы кино емес", - деп жазды Олжас Абай.
Желі қолданушылары жұлдызды жұпқа "құтты болсын" айтып, бақыт тіледі.
"Олар расында да үйленді ме? Бақытты болыңдар, жандарым", "Әдемі жұп", "Шынымды айтсам, ол сенің жаныңда жарқырап тұр", "Әр адам бақытқа лайық", - деп пікір қалдырған желі қолданушылары.
Дариға Бадықова да Instagram желісіндегі парақшасында тойдан сурет жариялады.
"Құдайдың бұйрығына ешкім қарсы шыға алмайды. Тағдырдың жазғанын ешкім өзгерте алмайды. Қалай десек те, кім не ойласа да, әр адамның өз тағдыры, өз бақыты бар. Біреудің бақытына төрелік айту бізге бұйырмаған.
Біз ешкімнен ештеңе сұрамаймыз. Ешкімге ештеңе дәлелдеуге де міндетті емеспіз.
Тек бақыт тілеңіздер! Өйткені ақ ниетпен айтылған бір ауыз тілек мың түрлі пікірден қымбат ", - деп жазды Дариға Бадықова.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/showbiz/personal-life/2441236-bul-zholy-kino-emes-dariga-badyqova-men-olzhas-abai-shangyraq-koterdi/