jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

    "Қызымның тойына қаражат керек": Сильвестр Сталлоне әзірге зейнетке шыға алмайтынын айтты

    Сильвестр Сталлоне мен қызы София
    Сильвестр Сталлоне мен қызы София. Фото: instagram.com/officialslystallone

    78 жастағы актер Сильвестр Сталлоне үлкен қызы Софияның алдағы тойына қаражат табу қажет болғандықтан, әзірге зейнетке шыға алмайтынын мәлімдеді, деп жазды People басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Актер өз қаржылық жоспарлары туралы Live with Kelly and Mark таңғы телешоуының эфирінде бөлісті. Алдағы салтанатты шара қаншаға түсетіні туралы жүргізуші Келли Рипаның сұрағына жауап ретінде 78 жастағы Сталлоне жұмысын жалғастыруға тура келетінін айтты.

    Актер осылайша студиядағы көрермендердің көңілін көтергенімен, сөздерінде еш әзіл жоқтығын, расымен жағдай солай екенін ескертті. Актердің 28 жастағы үлкен қызы София Сталлоне тамыз айында сүйіктісі Майкл Шиханмен сөз байласты. Сталлоне қызының болашақ күйеуі алдын ала одан некелесуге рұқсат сұрағанын және оның көңілінен шыққанын атап өтті.

    Сталлоне жұбайы Дженнифер Флавинмен бірге София, Систин және Скарлет есімді үш қыз тәрбиелеп отыр. Актер әйелінің эмоциясын тежеуге үнемі көмектесетінін және отбасылық мерекелік талқылаулар кезінде бітімгер рөлін атқаратынын мойындады. Голливуд жұлдызының айтуынша, қызы Софиямен арасындағы қарым-қатынасы ерекше жылы, сондықтан ол қызының бақыты үшін кез келген шығынға дайын.

    "Қызымның тойына қаражат керек": Сильвестр Сталлоне әзірге зейнетке шыға алмайтынын айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram