"Талғамыңа сай болып, тірегіңе айналдым": Нұрболат Абдуллин жұбайына әсерлі жазба арнады (фото)
Жарияланған күні:

Әнші Нұрболат Абдуллин әлеуметтік желідегі парақшасында жылы отбасылық суреттерін жариялап, сүйікті жарын туған күнімен құттықтады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Нұрболат жұбайына өлең жолдарын арнап, сезімін білдірді. Ол жұбайының бір кездері жүрегін жаулап алып, тағдырына айналғанын атап өтті.
"Талғамыңа сай болып, тірегіңе айналдым.
Сезіміңе айналып жүрегіңе байландым.
Жаның жамандық көрмесін, тартысы мен тәттісі көп тағдырда бірге өмір сүруімізді тілеймін алтыным!
Туған күніңмен!" - деп жазды әнші Instagram желісінде.
Нұрболаттың өнердегі әріптестері – Қайрат Нұртас, Әбдіжаппар Әлқожа, Жазира Байырбекова және басқа да әншілер мен тыңдармандары ақ тілекке қосылды.
"Келіншегіңіз өте әдемі. Құтты болсын!", "Бір ғасыр бақытты болыңдар", "Жұбайыңыз қандай сұлу", "Бақытты ғұмыр кешіңдер", "Өмірлерің қуаныш пен шаттыққа толы болсын", - деп жазды желідегілер.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/showbiz/personal-life/2445663-talgamynga-sai-bolyp-tireginge-ainaldym-nurbolat-abdullin-zhubaiyna-aserli-zhazba-arnady-foto/