jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    "Өмірден көп нәрсе сұраймын": Дариға Бадықова Қатардағы бал айынан фото жариялады

    Олжас Абай мен Дариға Бадықова
    Олжас Абай мен Дариға Бадықова. Фото: instagram.com/dariga_badykova

    Жақында екінші рет тұрмысқа шыққан актриса әрі продюсер Дариға Бадықова күйеуімен бірге демалысқа ұшып кеткен Қатардан суреттерді бөлісті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Дариға Бадықова мен Олжас Абай бал айын Қатарда өткізіп жатыр. Актриса Instagram-дағы парақшасында Дохада бір күн бұрын жарымен түскен суреттерін жариялады.

    Кадрлардан оның гүлді принті бар ақшыл жазғы көйлек пен күннен қорғайтын көзілдірік кигенін, ал күйеуі Олжас Абайдың қала аралау үшін поло-футболка мен ыңғайлы шорты таңдағанын байқауға болады.

    "Өмірден көп нәрсе сұраймын. Доха қаласы", - деп жазды Дариға Бадықова.

    Ал желі қолданушылары жұбайларға жылы лебіздерін білдіріп жатыр.

    "Сіздерді жақсы көремін", "Бақытты болыңыздар", "Бақыттарыңыз ортаймасын", "Қалай құлпырып кеткен!", "Күшті болып жайнап кетіпсіз", "Махаббат адамды өзгертеді, қандай сұлу болып кеткенсіз! Бақытты болыңыздар", - деп жазды желідегілер.

    Естеріңізге сала кетейік, жақында Дариға Бадықова мен Олжас Абай үйлену тойын өткізген еді.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram