jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    "Любэ" тобының бэк-вокалисі Алексей Тарасов қайтыс болды

    марқұм Алексей Тарасов
    Алексей Тарасов. Фото: t.me/lyube35

    "Любэ" тобының бэк-вокалисі Алексей Тарасов 64 жасында дүниеден озды. Бұл туралы ұжымның Telegram-дағы арнасында хабарланды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Любэ" тобының бэк-вокалисі Алексей Тарасовтың өмірден өткенін қайғыра хабарлаймыз.

    Оның жарқын бейнесі мәңгі жүрегімізде сақталады. Алексейдің туған-туыстарына, жақындарына және оны таныған, жақсы көрген барша жанға көңіл айтамыз", - делінген жазбада.

    РИА Новостидің мәліметінше, Алексей Тарасов 1961 жылы 2 желтоқсанда Мәскеуде дүниеге келген.

    Ипполитов-Иванов атындағы академияның дирижер-хор бөлімін бітірген. "Любэ" тобы құрылған алғашқы кезден бастап оның құрамында болған.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram