jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Танымал актер Бекжан Тұрыс ұлының үйлену тойын дүркіретіп өткізді (видео)

    үйлену тойы
    Үйлену тойынан кадр: instagram.com/abzalqurmanali

    Белгілі актер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бекжан Тұрыстың ұлы Мағжан Тұрыс үйленді. Мағжан елге "Ұят болмасын" бағдарламасы арқылы таныс, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Бекжан Тұрыстың ұлының тойынан кадрлар әлеуметтік желіде жарияланды. Видеолардан тойдың ерекше форматта ұйымдастырылғанын байқауға болады. Тойда театр әртістері "Жар-жарды" жігіттер жағы мен қыздар жағы болып бөлініп, кезектесіп орындап шықты.

    Атап өтерлігі, салтанатты кеште Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының әртістері мен елімізге белгілі өнер майталмандары бой көрсетті.

    Қонақтар арасында Меруерт Өтекешова, Мақпал Жүнісова, Асылбек Боранбаев, Дулыға Ақмолда, Рамазан Стамғазиев, Ерлан Біләл сынды сахна саңлақтары бар.

    Сонымен қатар той үстінде қонақтар арасында дәстүрлі ұлттық ойындар ұйымдастырылып, бағалы сыйлықтар ойнатылған.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram