jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Тоқаев 65 жасқа толған Нұрлан Өнербаевты мерейтойымен құттықтады

    Нұрлан Өнербаев
    Нұрлан Өнербаев. Фото: instagram.com/onerbay_nurlan

    Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Өнербаевты 65 жасқа толуымен құттықтады, деп хабарлайды Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.

    Мемлекет басшысының құттықтауын Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев Астанада өткен кездесуде табыстады.

    Президент құттықтауында өнер иесінің еліміздің мәдениеті мен өнерін дамытуға, музыкалық мұрасын дәріптеуге қосқан үлесін атап өтті.

    "Өзіңізге тән қоңыр дауысыңыз бен ерекше орындаушылық мәнеріңіз талғампаз тыңдарманның жүрегінен орын алды.

    Сіз дәстүр сабақтастығын сақтап, халық әндері мен белгілі композиторлардың таңдаулы туындыларын насихаттауға мол үлес қосып келесіз. Ізденіске толы шығармашылық жолыңыз жемісті болып, талантты шәкірттер тәрбиеледіңіз", – делінген құттықтауда.

    Мемлекет басшысы Нұрлан Өнербаевқа мықты денсаулық, отбасына бақ-береке және еліміздің рухани-мәдени мұрасын байыту жолындағы еңбегіне толағай табыс тіледі.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram