jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    "Өмір­де де жаны сұлу адам еді": Меруерт Өтекешова елге беймәлім деректі айтты

    Меруерт Өтекешова
    Меруерт Өтекешова. Фото: Facebook / Kazakhfilmstudios.kz

    Меруерт Өтекешова өзінің жұбайы, "Қыз Жібек" фильмі арқылы танысып, шаңырақ көтерген жұбайын ел алдында "Құман аға" деп атағанын айтты. Бұл туралы ол "Айқын" басылымына берген сұхбатында жеткізді.

    Ол сұхбат кезінде өмірі, шығармашылық жолына кеңінен тоқтала келе, жұбайы, марқұм актер Құман Тастанбековке қатысты қызықты деректі бөлісті.

    "Құман аға өнерде ғана емес, өмір­де де жаны сұлу адам еді. Мен үшін дүниедегі ең сұлу адам – әкем. Одан кейін Құман аға деп ай­тар едім. Оның адамгершілігі, іш­кі мәдениеті, болмысы ерекше бо­латын.

    Кино түсірілімінде бір-бірі­міз­ге ғашық болмасақ та, экран ар­қы­лы ғашық жандардың сезімін шы­найы жеткізуге тырыстық. Ак­тер­дің міндеті де – өзі сезінбеген дү­ниені кейіпкердің жан дүниесі ар­қылы көрерменге сенімді етіп жет­кізу. Бұл үшін рөлді сырттай сом­дау жеткіліксіз. Кейіпкердің ішкі әлеміне еніп, оның қуанышы мен қайғысын, арманын түсінуің керек.

    Құман аға екеуміздің шы­ғар­ма­шылық жолымызда Әуезов атын­дағы Қазақ ұлттық драма теат­рының да орны ерекше. Бұл театр екеуміз үшін үлкен мектеп бол­ды. Өміріміздің талай белесі осы сахнамен байланысты өтті.

    Мен Құман ағаны көпшіліктің ал­дында әрдайым құрметпен "аға" деп атаймын. Үйде басқаша атай­тын­мын. Бірақ ел алдында ол кі­сін­ің орны бөлек екенін әрдайым се­зінемін. Қадірін білемін, ерекше құрметтеймін", - деді ол.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram