jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Ерке Есмахан Қытайда түскен әдемі суреттерімен тәнті етті (фото)

    әнші Ерке Есмахан
    Әнші Ерке Есмахан. Фото: instagram.com/erke_esmahan

    "Қайда?", "Алло", "Аэропорт" сияқты хит әндердің орындаушысы, әнші Ерке Есмахан өзінің Instagram-дағы парақшасында Қытайда түскен суреттерін бөлісті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Жұлдызды жұп Ерке Есмахан мен RaiM Қытайда тамаша уақыт өткізген. Ең жарқын сәттердің бірі камера объективіне іліккен. Ерке Қытайдың әсем жерінде ұлттық киім киіп, теңбіл бұғылардың ортасында отырып суретке түскен.

    "Ғаламның ғажабын көзбен көру бақытына бөлеген Аллаға сансыз шүкір. Теңбіл бұғылармен еркелеп, Қытайдың әсем табиғатына тамсанып жүрген сәт", - деп жазды әнші.

    Желі қолданушылары әншінің суреттеріне тамсанып, жылы лебіздерін білдірді.

    "Әдемі", "Еркенің контенті тыныштық сыйлайды. Ол басқа әлемде өмір сүретін сияқты", "Қандай ғажап, Алла шебер ғой, шіркін", "Еліктің лағындай", "Бұғылар да патшайымына келіп еркелеп жатқан сияқты, керемет көрініс!", "Кімнің кімге еркелеп тұрғанын ажыратудың өзі қиын!", "Ерке, еліктің лағындай болып тұрсыз ғой", - деп жазды желідегілер.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram