jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    "Зәкеңнің 50 жасы көзіме елестеді": Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділовке ұқсайтын ер адамды көрсетті (фото)

    Мақпал Жүнісова
    Мақпал Жүнісова. Фото: Instagram / zhunusova.makpal

    Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова марқұм жолдасы, белгілі саясаткер Заманбек Нұрқаділовке ұқсайтын ер адамды кездестіріп, ерекше әсер алғанын айтты, деп хабарлайды Aikyn.kz.

    Әнші бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазып, Аман есімді азаматпен кездескен сәтін бөлісті. Оның айтуынша, ер адамның сырт келбеті марқұм жарының жас кезін есіне түсірген.

    "Зәкеңе ұқсайтын Аман бауырыммен кездесіп қалдық. Зәкеңнің 50 жасы көзіме елестеп кетті", – деп жазды Мақпал Жүнісова.

    Айта кетейік, Заманбек Нұрқаділов Қазақстанның саяси өмірінде өзіндік орны бар мемлекет және қоғам қайраткері болды. Ол Алматы қаласының әкімі, сондай-ақ түрлі мемлекеттік қызметтерді атқарған. Заманбек Нұрқаділов 2005 жылы қарашада өмірден өтті.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram