jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Алматылық арулардың ішінен қазақтың Мэрлин Монросы анықталды

    : UGC

    Алматыда қазақтың Мэрлин Монросын анықтау сайысында 26 жастағы Мәдина есімді әуе қызметкері топ жарды. Оны Голивудтан кем түспейтін фототүсіріліммен марапаттады.

    Енді ұйымдастырушылар қазақтың танымал тұлғаларына ұқсастарды анықтауды көздеп отыр.

    Аты аңызға айналған Мэрлин Монродан айнымайтын, шынайылығымен шырмап алатын сұлу бикештер әртістің тура "көшірмесін" сомдады. Алматылық арулар келбеттерін танымал тұлғаның кейпіне қарай келістірген.

    Сұлу бойжеткендер ермек үшін емес, ең үздік жасындай жарқылдаған жұлдыздың түріне ұқсас қызды анықтау үшін жарысты. Әлеуметтік желіде бастау алған сайыстың мақсаты да сол болған.

    Осыдан он күн бұрын шымылдығын түрген додаға 11 бұрымды қатысуға ниет білдірген.

    Мәдина – қазақтың қарапайым қара қызы. Талдырмаш арудың түрі де келісті, тұла бойы да сымбатты. Ол ғаламтор бетіндегі хабарландыруды көріп, қатысуға бел байлаған. 

    Мәдина өнегелі өмірімен сыр ағытатын Мэрлин Монроны жан-жақты түсініп, түйсіну үшін оның рөлдерін тиянақты һәм тыңғылықты қарап шыққан. Кез-келген фильм жадында ұстайды, алматылық қыз әр туындыны жатқа соғады.

    "Мэрлин Монро кейпі кез-келген қыздың ойында әдемілік, сұлулық символымен ұштасады. Бағымды сынап көрдім",- дейді Мәдина Ақылбекова.

    Айта кету керек, кішігірім жарыста кәсіби әртістер де өздерін танытып, қабілетін көрсете білген. Алайда, әуе серігі болып қызмет атқаратын Мәдина үздік деп танылды. Жеңімпаз ретінде оған фототүсірілімнен өту мүмкіндігі бұйырды.

    Ал ұйымдастырып, сайысты өткізуде мұрындық болған Жанар Ахметова алматылық жастардың белсенділігінің мұндай дәрежеде болатынын білмесе керек.

    "Мен, негізі, қарапайым адамдармен жұмыс жасағанды жақсы көремін. Яғни модельдерді не жұлдыздарды ісіме араластырғым келмейді. Қала тұрғындарының өнерін жұртшылыққа паш етуге талпынамын",-деді Жанар Ахметова.

    Бұл Жанардың аяқ астынан пайда болған идеясы екен. Келіншек келешекте осы сынды сайыстарды өткізуді жоспарлап, енді оның көкжиегін кеңейтіп, ауқымдырақ қылып ұйымдастыруды көздеп отыр.

    Алматылық арулардың ішінен қазақтың Мэрлин Монросы анықталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.