jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ЖЖ
    Жанар Жансеит
    Бұрынғы қызметкер

    Баян Есентаеваның күйеуі казинода төбелес шығарды деп айыпталды (видео)

    : UGC

    Ғаламторда танымал продюсердің жұбайына ұқсайтын азаматтың казинода төбелес шығарған видеосы пайда болды. Видео ойынханада орнатылған бақылау камералары арқылы жасалған. Роликтен байқауға болатындай, Баян Есентаеваның жолдасы Бақытбекке ұқсайтын азамат дилерге қол жұмсап, ойынхананың күзетшілерімен төбелескен.

     

    Видеоны жүктегендер: "Есентаев Баха "Карлтон" казиносында $40.000 ұтылып, дилерге қол көтеріп, күзетшілермен төбелес шығарды. Күзетшілер ештеңе істей алмаған", - деген жазу қалдырған.

    Ролик YouTube желісінде биылғы жылдың 13-нші ақпанында жүктелген. Бірақ жазба 2015 жылдың қыркүйегінде жасалғанға ұқсайды.

    Есентаева  Tengrinews.kz сайтына аталған видеоға қатысты түсініктеме берді.

    "Иә, көрдім. Бұл кісінің менің күйеуіме ешбір қатысы жоқ. Тектес адам немесе әдейі аты-жөнін солай таныстырған біреу. Бұл менің күйеуім емес", - деді продюсер.

    Айта кетсек, дегенмен халық арасында танымал продюсердің жары құмар ойындарға әуес деген сыбыс бұған дейін де бірнеше рет шығып жүрген.

    Баян Есентаеваның күйеуі казинода төбелес шығарды деп айыпталды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.