jitsu gif branding logo appbranding logo app
Шоубиз

    Танымал тележүргізуші өзінің эфирден кетуін сұраған көрерменге жауап берді

    : UGC

    Астана арнасындағы "Сырласу" бағдарламасының жүргізушісі Әйгерім Сейфолла өзін Instagram желісінде қатаң сынап, теледидардан кетуге кеңес берген оқырманының пікірін жариялап, жауап жазды деп хабарлайды NUR.KZ. 

    Оқырман оған "Сырласудан кетіңіз, оған лайық емессіз! Жүргізе алмайсың. Халық пен адамдардың жүрегінен жол таба алмайсыз. Нашар, өз басым ұнамайсың. Сөйлеген сөзіңіз шынайы емес, жүректен шықпайды. Өзінше тәккапарсың, көкірексің. Сіздің орныңыз сән сахнасында. Өз өзіңізді биік сонда көрсетесің",-деп жазады.

    "Бір түрлі жүрегім дір етті, мүмкін қазір жаралы арыстандай боп жүргендіктен шығар, әйтеуір, қатты әсер етті. Сүйікті жұмысымды тып-тыныш,барынша адал атқарып нанымды тауып,балапандарымды асырап жүрген жайым бар. Ешқандай аға-көкем, артық ақшам жоқ.

    Әуелі Аллаға, сосын өзіме ғана сенемін! Қай жаққа барсам да құшақ жая қарсы алып,батасын,жылы сөзін төккен жандарды көремін. Бірақ, кейде осындай пікірлерді оқып,біртүрлі жаман боп қаласың!",-дейді өзіне қатаң пікір жазған қызға.

    Тағы оқыңыздар: Танымал заңгер Алматының орталық көшесіне елбасының атын беруді ұсынды (фото)

    Ол өзі жүргізген бағдарламаны ұнатпайтындар болса, көрмей-ақ қоюларын өтінді.

    "Мен жалғыз, сіздер көпсіздер, бәріңіздің көңілдеріңізден шығу өте қиын! Ұнамасам өтініш менің парақшамды оқып, мен жүргізген бағдарламаны көрмей-ақ қойыңыздаршы! Айтпақшы, менің орным сән саxнасында емес журналистикада екенін білемін! Сәнқой емеспін!", - деп жазады ол оқырманына.

    Танымал тележүргізуші өзінің эфирден кетуін сұраған көрерменге жауап берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.