jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    АК
    Айжан Калиева
    Бұрынғы қызметкер

    Алтынай Жорабаева елімізде ату жазасының жоқтығына күйінді

    : UGC

    Алтынай Жорабаева еліміздегі педофилдер мен қыз зорлаушыларды ату жазасына кесуді сұрады. Әнші Instagram парақшасында зорлықшыларды қатаң жазалап, қажет болса өлім жазасына кесу керек екенін айтты.

    "Алла сақтай гөр! Не болып бара жатыр адамдар? Бұрын мұндай сұмдық тек кинода болушы еді, енді айналамыздан неше түрліні көріп жатырмыз... Төрт аяқты xайуаннан, екі аяқты xайуан жаман деп осындайларға айтып кеткен екен ғой атам қазақ. Қасқыр екеш қасқыр да апанының қасындағы атар қойға тиіспейді екен! Бұлар қасқырдан бетер хайуан болды ғой. Құдайым-ау, неге бізде педофилді ұрған сержантты соттайды? Неге мынадай зорлықтарға аз уақыт түрмеге қамайды, неге?! Ату жазасына, өлім жазасына кесу деген заң неге бізде жоқ? Сонда олар аямағанда, оларды аяу керек пе?", - дейді әнші.

    Тағы оқыңыздар: Элиталы кешке төсі ашық көйлек киген Ләйлә Сұлтанқызы елді шулатты (видео)

    Алтынайдың оқырмандары әншінің пікіріне қосылып, балалары мен немерелері үшін алаңдайтындарын жеткізген.

    "Бізде мүлдем заң жоқ! Заңның бəрі ұры, қарының жағында. Мына масқараға қарап не айтасың енді. Ұрыны, қыз зорлағанды ұрғанды неге соттайды? Əділетті заң қашан орнайды?!", "Немерелерім үшін алаңдаймын, неге бізде заң осындай осал?!", "Дұрыс, тек ату жазасына кесілу керек", "Он жыл деген өте аз мерзім, мұндай айуандарды өмір бойына бас бостандығынан айыру қажет",- деп жазған желі қолданушылары.

    Алтынай Жорабаева елімізде ату жазасының жоқтығына күйінді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.