jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Балғынбек Имашев: Қыздардың Баянға еліктегенін көргенде жүрегім ауырып, қиналамын

    : UGC

    Айтыскер ақын Балғынбек Имашев қазіргі қыздардың еліктейтін тұлғаларын көріп, жүрегі ауыратынын айтты. Instagram парақшасындағы жазбасында ол заман талғамына сай қазақ қыздарының да үлгі алатын жандары өзгергенін жазып, өкінішін білдірді.

    "Кино деген идеалогия екен ғой. Шіркін-ай! Қыздарымыз Қыз Жібектің рөліндегі Меруерт Өтекешоваға, ұлдарымыз Төлегеннің рөліндегі Құман Тастанбековке еліктесе - ол керемет қой. Бірақ қазір заман басқа...

    Көп қыздарымыз сұлу, іскер, табысты болғысы келеді. Қызғалдақтай қырмызы қыздарымыздың Қозы Көрпештің Баян сұлуына емес, "Көзі көрместің" Баянына еліктегенін көргенде жүрегім ауырып, қан қысымым көтеріледі.

    Маған бұрын "Ұят болмасындағы" Айгүл Иманбаеваның келіндік образы қатты ұнайтын... Немесе Алтынай Жорабаеваның бейнесі... Ал қазір, "Қазақтың қыздары кімге еліктеуі керек?" деп сұрай қалса, ойланбастан: Қарақатқа! - дер едім. Біреудің "қойнындағысына" сұқтанғаным емес, өз қызымның, қарындастарымның Қарақаттан үлгі алуын қалаймын",- деп жазды ол.

    "Ол ең алдымен, қазақы тәрбиемен өскен нағыз даланың аруы. Дәстүрлі әншілігін былай қойғанда, салт-дәстүрдің жілігін шағып, майын ішкен Арқаның (дәлірек айтсам, Жаңаарқаның) нағыз қарапайым, қабілетті, қасиетті қара қызы!", - деген Балғынбек оның ұстаздығы мен шешендігін сөз етті.

    Ал желі қолданушылары болса, Балғынбектің сөзінің жаны бар екенін айтты.

    Тағы оқыңыздар:

    Павлодарда Қазақстан елтаңбасын қоқыс жәшігіне лақтырып тастаған

    Ақбота Сейітмағамбетке сезімін білдірген Әли Оқапов соққыға жығылды

    "Ислам мемлекеті" Роналду, Месси мен Неймарды өлтіретінін айтты (фото)

    Министр Атбасардың тағы да су астында қалуы мүмкін екенін айтып, дабыл қақты

    Шешен жігітіне тұрмысқа шыққан бойжеткен тозаққа айналған өмірі туралы айтып берді

    Балғынбек Имашев: Қыздардың Баянға еліктегенін көргенде жүрегім ауырып, қиналамын

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.