jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Ләйла Сұлтанқызы Алтынай Жорабаеваға қатысты: Кешірім сұрауға міндетті емеспін

    : UGC

    Осыдан біраз уақыт бұрын Ләйлә Сұлтанқызы Алтынай Жорабаеваны бағдарламасына қонаққа шақырып, ренжітіп алған болатын. Отбасына қатысты сұрақты ұнатпаған әнші эфир басталар шақта бағдарламаға қатысудан бас тартып, желіде жазба қалдырады. Осы орайда тележүргізуші өткен оқиғаның мән-жайын айтты деп жазады "Nazar" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

    Жорабаева, Сұлтанқызы. Фото: Желідегі парақшадан. Коллаж: NUR.KZ
    Жорабаева, Сұлтанқызы. Фото: Желідегі парақшадан. Коллаж: NUR.KZ: UGC

    Ләйла Сұлтанқызы осы тақырыпты қозғап, мән-жайды айтпағандықтан өзін көпшіліктің түсінбей қалғанын айтады.

    "Мен негізі өз басым Алтынайды сыйлаймын. Оны алып қашқанда жанында болған адаммын. Әр редакцияда, арнада "анонс" деген бөлім болады. Бірақ ол араға тележүргізуші араласпауы мүмкін. Продюсер сол бағдарламың қаралым жинағанын қалайды. Мен сол анонсты өзім көргенде таңғалдым.

    "Ой" дегенімше болмады, Алтынай кетіп қалды. Мен содан кейін Алтынайға 2-3 рет хабарластым. Көрген жерде амандасамыз. Бірақ мен Алтынайдан кешірім сұрауға міндетті емеспін. Мен көңілге қараймын", - деді Ләйлә Сұлтанқызы.

    Айта кетейік, осыдан бірнеше жыл бұрын Алтынай Жорабаева Ләйла Сұлтанқызының намысына тигенде өзінің жылап жібергенін айтқан болатын.

    Ал тележүргізуші қандай жағдай болғанына қарамастан, әншіге деген құрметінің төмендемейтінін айтты.

    Ләйла Сұлтанқызы Алтынай Жорабаеваға қатысты: Кешірім сұрауға міндетті емеспін

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.