jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Мақпал Жүнісова желіде өзін балағаттайтындарға қалай жауап береді? (видео)

    : UGC

    Қазақтың "Ерке қызы" Мақпал Жүнісова Астана арнасының "Сырласу" бағдарламасында өзіне қатысты орынсыз әңгіме таратып, намысына тиетін сөздер жазғандарға қалай жауап қайтаратынын айтты деп жазады NUR.KZ.

    Бүгінде Мақпал Жүнісованың бір миллион оқырманы бар. Әнші өзінің Instagram парақшасын өзі жүргізеді.

    "Бәріне ұнаймын деп айта алмаймын. Арасында орынсыз әңгіме таратып, адамның намысына тиетін сөздер жазатын кездер болады", - деді Мақпал Жүнісова.

    Әнші осындай сын пікір жазушылардың алдымен кім екенін анықтап алады. Айтатын сөздерін бетіне айтып, әңгімелескісі келеді екен. Алайда мұндай адамдардың парақшалары көбінесе "фейк" болып шығатын көрінеді.

    "Өтірік парақша екенін білгеннен кейін жүрегім ауырмайтын болды. Дегенмен мені орынсыз жамандағысы келіп, көңілімді түсіргісі келгендерге "Оттамашы" деп жазып жіберемін. Мен де бір ауыз сөз айтып қалайын деймін", - деді әнші.

    Мақпал Жүнісова желіде өзін балағаттайтындарға қалай жауап береді? (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.