RU
Шоубиз
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.

Зектілері

Заңгер Гауһар Әлімбекованың қандай жағдайда бостандыққа шыға алатынын айтты

Жарияланған күні:

Танымал заңгер Орынбасар Тілепбергенов күні кеше елді дүрліктірген Гауһар Әлімбекованың ісіне қатысты мәлімдеме жасады. Заң өкілі әншінің қандай жағдайда бостандыққа шыға алатынын айтты деп хабарлайды 31 арна.

Әлеуметтік желідегілер Гауһар Әлімбековаға берген соттың жазасы тым ауыр деп есептейді.

Ал заңгер Орынбасар Тілепбергенов әншінің 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін екенін айтады.

Заңгердің айтуынша, сот әншінің бұрын сотталмағаны мен қоғамдағы беделін ескерген.

"Аппеляцияға берген күннің өзінде Әлімбекованың құқықтық жағдайы өзгермейді. Өйткені, соттан біз өрескел қателік көріп тұрған жоқпыз. Ал екінші жағдайда жәбірленуші "келісімге келдім" деп, қайта талап - арыз беретін болса, онда жағдай өзгереді. Сол кезде Әлімбекованың босап шығуға мүмкіндігі бар", - дейді Орынбасар Тілепбергенов.

Сондай-ақ заңгер Гауһар Әлімбекова мен оның қорғаушысы медиация арқылы Бақыт Назаровамен бітімге келгенде, істің бұлай насырға шаппайтынын айтты.

Еске сала кетейік, 30 қаңтар күні Гауһар Әлімбекованың "алаяқтық" бабымен жауапқа тартылып, 6 жылға бас бостандағынан айырылғаны белгілі болды.

Ал танымал журналист Бибігүл Дәулетбекқызы көпшілікке әншінің қарыз болған 40 мың АҚШ долларын жинап беруді ұсынды.

Отандық әншілер де журналистің сөзіне қолдау білдіріп, Гауһар Әлімбековаға көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді.

Сондай-ақ әншінің адвокаты Жұмағали Зинелов істің мән-жайын ашып айтып, әншінің де бұл істе құрбан екенін мәлім етті.

Сонымен қатар Гауһар Әлімбекованы сотқа берген құрбысы Бақыт Назарова іске қатысты пікір білдірді. 40 мың долларынан айырылған әйелдің айтуынша, ол құрбысының түрмеге тоғытылғанын қаламаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/scandals/1776359-zager-gauar-limbekovany-kandaj-zagdajda-bostandykka-syga-alatynyn-ajtty/

Жарияланымға реакцияңыз?

Соңғы пікірлер

Барлық пікір саны: 4

Талқылауға қатысу немесе пікірлерге реакция қалдыру үшін профиліңізге кіріңіз.

jan2019

алла жар болсын

Comment reaction

Гульбар

Осындай истерде соттарды тусинбеймин, ал соттады, ал акша кайда? Оны кашан и калай тауып береди камауда отырса! Неге уакыт бермейди? Ози ушин, сотталмас ушин зыр жугирип тауып бермей ме? Жалпы халыкты соттар ойламайды, соттаса болды, Бален адам соттадым деп премия алатын шыгар, асылы!

Comment reaction

Жулдызгали

Ауру балаларга жинаганымыз жумыс мес па

Гульбар

Осы сендердин ауру-сыркау, кедей-кепшиктерин таусыла ма! Бар сен, сол ауруларга комектес!

jitsu gif