jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Гауһар Әлімбековаға жиналған қомақты қаражат қайда жұмсалады?

    : Instagram

    Алаяқтық жасады деп айыпталып, екі ай бұрын алты жылға бас бостандығынан айырылған әнші Гауһар Әлімбекова ақталып шықты. Осы орайда көпшілікті жұрттың қалтасынан жиналған қомақты ақшаның қайда жұмсалатыны алаңдатып қойды деп хабарлайды "Еуразия" бірінші арнасы.

    Әншіге қаражат жинап берген өнер иелері енді шотқа түскен қаражатты қайда жұмсайтынын ашып айтты.

    "Ақшаға зәру болып жүрген отбасылар бар, жетім-жесірлер бар. Сондай жерлерге бөлеміз деп ниеттеніп, шешім қабылдап қойғанбыз", - дейді Ерғали Әбдірайымов.

    Бұл шешімді қабылдауға, судьяның Әлімбековаға 40 мың долларды қайтаруға міндеттемегені себеп болған.

    Айта кетейік, күні кеше әнші көпшіліктен жиналған қаражатты өз иелеріне қайтарып беретінін айтқан болатын.

    "Халықтың ақшасының мен бір тиынын да алмаймын. Кім қанша берді, барлығы өздері қайтарып алады деп айтайын дегенмін. Мен халықтан бір тиын алуға хақым жоқ. Керісінше мен беруім керек", - деді әнші видеода.

    Гауһар Әлімбековаға жиналған қомақты қаражат қайда жұмсалады?

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.