jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    Жас әншіге сын айтқан Айқын өзге жұлдыздармен ұрысып қалды (видео)

    : Instagram

    Айқын Төлепберген отандық музыкалық сайыста өнер көрсеткен жас әншіні елдің көзінше сынап тастады. Оған Әйгерім Мамырова әнді барынша беріле орындамағандай болып көрінген. Шоу-бизнес жұлдызы ұяң арудың өнер көрсетуіне қанағаттанбағанын бетіне басты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
    Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

    Қазылар алқасында болған Айқын Әйгерімге сахнада өзін қалай ұстау керекті туралы ағалық кеңесін беремін деп өз әріптестерін ашуландырып қойды.

    Отандық жұлдыздың сөзіне келіспеген өнер иелері оған қарсы шықты.

    Алайда, әріптестерінің пікіріне қарамастан, Айқын өз ойын жалғастырған. Оның сөзінше, Мамырова ән орындау кезінде қысылып, өзін тым ұяң жағынан көрсеткен.

    "Әйгерімге кішкене актерлік шеберлік жетіспей жатыр деп ойлаймын. Сахнада өзін ұяң ұстайды. Ол шыққан сәттен-ақ байқалды. Сахнаға шыға салғанда, бірден халыққа берілуің керек.

    Халық үшін айтып жатырсың. Көзің алдыға қарап тұру керек. Көрерменге нота беру керек. Өзіңді күшті айтып жатырмын деп ойлайсың.

    Енді бірақ, шынымен күшті айтып жатырсың. Бірақ, өзіңді-өзің ұстап тұрсың, энергетика жетіспейді. Өзіңде ұстама, шығар сыртқа.
    Жігіттердің қасына барғанда да, тұрдың да жартылай істедің. Бәрін жартылай істеп жатырсың. Қазақи қыз болса, сахнаға шықпай-ақ қойсын онда. Мәселен баған Динара шықты. Көңілді ән болғанда бәрімен айтты" , - деді әнші.

    Оның сөзіне келіспеген Айнұр Тұрсынбаева шоу-бизнестегі әріптесіне қарсы пікір айтты.

    "Жоқ, қазақи ұяң болса сахнаға шықпай-ақ қойсын деп айтуға болмайды. Сахнаға шыққан қыздың барлығы секіріп билесін деген заң жоқ ондай" , - деді ақын.

    Ал Мадина Сәдуақасова өз кезегінде жас әншіге мүлде пікір білдіруден бас тартты.

    "Қазір Әйгерім ренжіп қалар. Бірақ, мен бүгін оған ешқандай комментарий айтпасам бола ма екен?" , - деді әнші.

    Бағдарламаның қызу сәті Instagram желісіне тарап кеткен.

    Жас әншіге сын айтқан Айқын өзге жұлдыздармен ұрысып қалды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.