jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    Whatsapp-тағы интим видео: Белгілі актер полицияға арыз жазды (видео)

    : Facebook

    Отандық белгілі актер Қуандық Шәкіржанов жалаңаш жатқан екі азаматтың қасына өз суретін қосып қойғандарды заң жүзінде жазаламақ. Желіде тараған видео үшін өнер иесі полицияға барып, арыз жазды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Әлеуметтік желілер мен Whatsapp мессенджерінде тараған видеода екі ер адамның төсекте жалаңаш жатқаны көрсетілген. Бейнежазбада актер Шәкіржановтың суреті де қойылған.

    "Кешегі бір оңбағанның жіберген видеосы үшін, бір жалаңаш ер адамдардың қасына менің суретімді қосып, осы адам дегені үшін қазір арыз жазып шықтым. Табылады, табамыз. Маған ұқсамайтыны да көрініп тұр ғой. Құдай сақтасын, қазақтың намысы бар жігітінің бірімін. Сондықтан ол жақын арада қолға түседі. Жазасын алады, уайымдамаңыздар. Ондай алып-қашпа видеолармен надандар, білімсіздер айналысады ғой. Олардың сана-сезімінің жеткен деңгейі солай болып тұр ғой. Бірақ, жазасын алады, оңдырмаймыз",- деді Қуандық Шәкіржанов видеоүндеуінде.

    Желі қолданушылары актерге қолдау білдіріп жатыр. Олар да арам пиғылды азаматтар табылуы тиіс деп есептейді.

    Whatsapp-тағы интим видео: Белгілі актер полицияға арыз жазды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.