jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Ерболат Құдайбергеннің анасы хиджабтағы келіншекті сынға алды (видео)

    : UGC

    Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, әнші Ерболат Құдайберген мен актриса Салтанат Құдайбергенованың анасы Айткүл Құдайбергенова бағдарлама барысында хиджаб киген төрт баланың анасын сынға алды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    ҚР еңбек сіңірген әртісі хиджабтағы келіншекті сынға алды
    Фото: Видеодан кадр: UGC

    Халық әртісі мен хиджабтағы модельдің тартысы Аман Тасығанның New Old Qazaqtar бағдарламасында өтті.

    Журналистің YouTube желісіндегі бағдарламасына қонаққа келген төрт баланың анасы хиджабты бірден кие қоймағанын сөз етті.

    Айтуынша, оның түгелдей жабынып жүруін ата-анасы мен жақындары қолдамаған.

    "Ата-анам қарсы болғандықтан, бес жылдай тюрбан киіп жүрдім. Содан кейін екі жыл болды орамал тағып, оранып жүрмін. Ормалды тағуыма құрбыларым себепкер болды.
    Оларға қарап қызықтым. Намазға келгім келді. Бірақ басында ата-анам қабылдай алмады. "Әлі жассың, жұмыс істеуің керек" деді" , - дейді келіншек.

    Ал Айткүл Құдайбергенова өз сөзінде хиджаб араб еліне тән дүние екенін және қазақтың өзінің жамылғысы барын алға тартты.

    "Хиджаб деген жамылғы. Біз көшпенді халықпыз ғой. Қазақта қыздар орамал тақпаған. Олар сылау тақия, моншақ тақия, топы, тәті киген. Қазақта хиджаб деген болмаған...

    Қазақта бір баласы бар келіншек сәукеле киген. Екінші баласын туғаннан кейін сәукелені шешіп, кимешек киген. Ал әйелдің жасы өскен сайын кимешектің үлгісі ауысып отырған.

    Сен қазір шәлі орап алып, хиджаб деп отырсың. "Шәлі тақтым" деп қазақ тілінде айтуың керек. Арабтың тарихын оқу керек. Хиджаб деп бастады ма, оның ар жағы не екенін зерттеу керек", - дейді Құдайбергенова.

    Төрт баланың анасы әрі модель Айгерім Сүндетқызы әншіге өз пікірін білдірді.

    "Құран кәрімді оқыған болсаңыз, ол жерде Аллах тағалам Мұхаммед пайғамбарымыз с.а.с Нұр сүресінің 31 аятында былай деген: "Әй, Мұхаммед момын әйелдерге айт, көз көретін жерлерін ерлерден сақтасын, зина жасайтын жерлерінен қорғасын, зейнеттерін сақтасын деген. Ол ауқымды аударма. Ол жерде араб не қазақ деп бөлмеген. Құран бәріне бірдей. Киген кимім дұрыс емес деп ойламаймын", - деді ол өз сөзінде.

    Ерболат Құдайбергеннің анасы хиджабтағы келіншекті сынға алды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.