jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    Ернар Айдар тергеуде: Әншінің ұсталуына қатысты тың мәлімет белгілі болды

    : Instagram

    Отандық танымал әнші Ернар Айдар 23 сәуірде күллі Қазақстанды шулатқан болатын. Бір бөлмеде он екі адаммен жиналып, онлайн түрде ұтыс ойнатқан өнер иесін ТЖ режимін бұзғаны үшін полицейлер құрықтады. Бүгінде тергеліп жатқан әртістің ұсталуы мен оның ұйымдастырған конкурсына қатысты тың мәлімет белгілі болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Астарлы ақиқат" бағдарламасына сілтеме жасап.

    Фото: Instagram/ernaraidar_kz. Скриншот: YouTube-канал polisia.kzl
    Фото: Instagram/ernaraidar_kz. Скриншот: YouTube-канал polisia.kzl: Instagram

    Бағдарлама редакциясы ел арасында қызу талқыға түскен оқиғаға байланысты журналистік зерттеу жүргізіп, әнші ұйымдастырған ұтысқа қатысты бірқатар тың жайтты анықтаған.

    Мәселен, Ернар Айдардың конкурсына арналған ресми парақша бұзылды деген сылтаумен төрт рет жаңартылған. Ал, ұтыстың жарнамалық роликтері бес мәрте түсіріледі.

    Сонымен қатар, аталмыш видеолардағы қымбат машиналар да ауысып тұрған. Әр бейнероликтегі темір тұлпарлардың әр түрлі екенін аңғаруға болады.

    "Астарлы ақиқат" редакторлары ұтысқа тігілген «Лэнд Крузердің» бірін іздеп тауып, оның видео үшін жалға алынғанын анықтады.

    Оған қоса, конкурстың басты сыйлығы зәулім пәтер де екі рет өзгертілген болып шықты.

    Бағдарлама барысында оның жүргізушісі Дина Төлепберген Ернар Айдар өткізген ұтыстың жеңімпаздарына хабарласып көрді. Алайда, әншінің тікелей эфирінде бағалы сыйлықтарды иеленген адамдардың барлығының ұялы телефондары сөндірулі болып шықты.

    Айта кетейік, Ернар Айдар мен онымен бір бөлмеде болған он екі адамды ұстау операциясын экономикалық қылмыстарды тергеу департаменті жүргізген болатын.

    Сонымен қатар, бағдарлама барысында Ернар Айдар конкурсын өткізу үшін бірыңғай лоторея операторынан тиісті рұқсатты алмағаны белгілі болды.

    Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

    Ернар Айдар тергеуде: Әншінің ұсталуына қатысты тың мәлімет белгілі болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.