jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    "Ораза аяқталғаны кеше": Іш киіммен видеоға түскен Әсел Асқар елден оңбай сөз естіді

    : Instagram

    Әлеуметтік желі арқылы қалың көпшілікке танылған Әсел Асқар ғаламтор кеңістігін тағы да шулатты. Әнші Бүркіттің қарындасы бұл жолы іш киіммен түскен видеосын жариялап елдің ашуын тудырған. Желідегілер Instagram жұлдызының жартылай жалаңаш бейнежазбасында ораза тақырыбын көтергеніне шүйліккен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
    Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

    Желіде қызу талқыға түскен видеода Әсел Асқар Рамазан айы кезіндегі және одан кейінгі уақыттағы келіншектердің образын көрсетуге тырысқан.

    Алайда, оразадағы әйелдің кейпін сомдау үшін ол тек іш киім ғана киіп шыққан.

    Желі қолданушылары тұрмыстағы арудың бұл қылығын аса ерсі санап, оны аяусыз сөгіп тастады. Олар Бүркіттің қарындасына қасиетті Рамазан айын жартылай жалаңаш образбен байланыстырғаны үшін ашуланған.

    "Масқара, мүлдем сөзім жоқ" , "Қасиетті айды қорлап не көрінді?" , "Ораза аяқталғаны кеше ғана" , "Ұят қайда? Ата-енесінен ұялмайды ма?" , "Сұмдық, баласы мен жолдасы бар келіншектің ісі осы болғаны ма? Тұрмыстағы аруларға мұндай қылық жат болуы тиіс" , - деп жазуда көпшілік.

    Еске сала кетейік, бұған дейін Әсел Асқар өзінен әлдеқайда үлкен қалталы азаматы бар аруларды жақтап шыққан болатын. Ол бастысы отбасы бұзылмаса болды деген пікір білдірген.

    Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

    "Ораза аяқталғаны кеше": Іш киіммен видеоға түскен Әсел Асқар елден оңбай сөз естіді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.