jitsu gif
Шоубиз

    "Халыққа түкіргені бар": Тоқтар Серіков іш киіммен бауырсақ пісірген Шырынға шүйлікті

    : Instagram

    Желіде іш киіммен бауырсақ пісірген видеосын жариялаған Шырын Нарчаева тағы да ел ашуын тудырды. Атышулы арудың бұл қылығына алғашқылардың бірі болып, әнші Тоқтар Серіков шүйлікті. Ол бойжеткеннің әрекетін сынға алғанымен, оған ақыл айтудан аулақ екенін жеткізді. Өнер иесі отбасы тұрғанда осындай амалдарға барған қыз өзгенің пікірін тіптен қажет етпейтінін айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасап.

    Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
    Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

    Тоқтар Серіков сәукелемен түскен ерсі видеосымен танылған Шырын Нарчаеваның бұл жолы аспен ойнағаны тым артық болды деп есептейді.

    Эстрада жұлдызы атышулы бойжеткенге мұндай форматтағы бейнежазбаларды біреу тапсырыспен таспалатуы да мүмкін екенін айтты.

    "Ата-анасы, туған ағасы бар шығар. Солардан ұялмай осылай істесе, оған халық түк емес деп ойлаймын. Халыққа оның түкіргені бар ма?

    Мен ол қызды қарғамаймын, ол қызды көрген жерде дұрыстап орнына қоям деген әңгіме айта алмаймын. Менің де қарындасым бар.

    Біріншіден, бұл қыз құндылықтың құнын түсініп тұрған жоқ. Осындай кезде "оны жасап жатқан өзі мt? Әлде істетіп жатқан адам бар ма?"деп те ойлайсың. Иманы оянып, сол қателігі үшін елден кешірім сұрайтын күн туса екен деп ойлаймын" , - деді Тоқтар Серіков.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.