jitsu gif
Шоубиз

    "Тойды қоя тұрған жөн": Асхат Садырбай той жасай алмай жүргендерге үндеу жасады

    : Instagram

    Отандық танымал журналист Асхат Садырбай президенттің той-томалақтарға қатысты айтқан сөздеріне қатысты пікір білдірді. Ақпарат өкілі отбасылық қуаныштарын тойлай алмай әлек болғандарға үндеу жасап, қазіргі жағдайда думанды кештерді қоя тұрған жөн екенін жеткізді. Ол халыққа білім мен ғылымға көңіл бөлетін уақыт келгенін айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Фото: Instagram/askhatsadyrbay. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
    Фото: Instagram/askhatsadyrbay. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

    Асхат Садырбай той жасауды әзірге тоқтата тұрудың қаншалықты маңызды екенін түсіндірді. Журналист Instagram парақшасында бұл тақырыпқа қатысты жазба қалдырып, бар ойын жеткізген.

    "Той. Президентіміз той деп тек отбасылық қуаныштарды тойлауға арналған думандарды ғана емес, әр мереке сайын өткізілетін әйтеуір әртүрлі концерттерді, бос жиындарды, есепсіз форумдарды, шығынға толы шараларды да меңзеді деп түсіндім. Осы уақытқа дейін жаман “тойлаған” жоқпыз. Енді білімге, ғылымға көңіл бөлмесек құрдымға кететініміз анық.
    Әрине, кім не тойлаймын, қалай тойлаймын десе де өз еркі. Бірақ ол рахаттың шығыны да жұртқа жүк салмауы керек. Біреудің қуанышы біреудің қалтасын қағып, қарызға батырмаса екен. Әлемнің, елдің қазіргі экономикалық ахуалы мен эпидемияның зардабын ескерсек тойды біраз уақытқа қоя тұрған жөн деп ойлаймын. Жеке пікірім осындай" , - деп жазды Асхат Садырбай.

    Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің сұхбатында қазір "тойың тойға ұлассын" деп әндетіп, той тойлап жүретін уақыт емес екенін ескерткен болатын.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.