jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    "Керемет орындау": Мұз үстінде қобыз тартқан ару жұрттың сүйіспеншілігіне бөленді (видео)

    Фото
    Видеодан кадр: Instagram/asemai_ai

    Әлеуметтік желіде мұз үстінде қобыз тартқан арудың видеосы тарап, көпшіліктің талқысына түсті. Оқырмандардың жоғары бағасына ие болған ролик Алматы облысы Қапшағай су қоймасында түсірілген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Видеоны Асемай Нұрәділова есімді желі қолданушысы Instagram-дағы парақшасында жариялап, "Менің арманым орындалды... Осындай видеоның өмірге келуіне атсалысқан барша шығармашылық ұжымға алғысымды айтамын. Бұл - сіздердің арқаларыңыз" деген жазба қалдырды.

    Оның сөзінше, қазақтың ұлттық музыкалық аспабымен орындаған композициясы норвегиялық әртіс Александр Рыбактың "Fairytale" әні (айта кетейік, өнер иесі осы туындысымен 2009 жылы "Евровидение" байқауын жеңіп алған).

    Мұз үстінде қобыз тартқан аруды көрген желі оқырмандары пікірлерін жарыса қалдырды.

    "Керемет орындау", "Талантты өнерпаз екен", "Тек шығармашылық тілейміз", "Қазақтың төл өнерін насихаттап, жаңа қырынан таныта бер", "Жарайсың", "Өте әдемі", "Болашағың жарқын болсын", "Өнерің өрге жүсін, талабың таудай болсын, биіктен көрініп, жарқырай бер", "Жоғары деңгейдегі орындау, сөз жоқ", "Тамаша", деп таңданыстарын жасыра алмады олар.

    Сонымен қатар музыканттың ән мен образ таңдаудағы талғамының жоғары екенін сөз еткендер де болды.

    "Қандай керемет ән", "Көйлегіңіз әдемі екен, сізге жарасып тұр", "Талғамыңыз жақсы екен", "Ән, локация, образ, көйлек - бәрі де үйлесім тапқан", деді оқырмандар.

    "Керемет орындау": Мұз үстінде қобыз тартқан ару жұрттың сүйіспеншілігіне бөленді (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.