jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    Сәбит Әбдіхалықов: Балаларыммен түскен фото салсам, ел жамандап шығады

    Сәбит Әбдіхалықов
    Фото: Видеодан кадр

    Отандық танымал продюсер, актер Сәбит Әбдіхалықов қалың көпшілікке деген өкпе-ренішін жеткізді. Өнер иесі желіде халықтың орынсыз сынына ұшырап жүргенін алға тартты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Сәбит Әбдіхалықов бүгінде өзге замандастары секілді әлеуметтік желіде не себепті белсенді емес екенін түсіндірді. Актер өзі мұндай заманауи заттарды ұнатпайтынын жеткізді.

    Оның үстіне, өнер иесі желіде негізсіз айыптаулар мен орынсыз сынға тап болып жүргенін айтып қалды.

    Продюсердің сөзінше, парақшасына тіпті балаларымен түскен суретін жарияласа, ел бірден жамандап шыға келеді екен. Бұл жайт Әбдіхалықовтың көңіліне қаяу түсіретіні анық.

    Ол көпшіліктің өзін шын мәнінде қандай адам екенін білмей жатып, жағымсыз пікірлер жазатынына күйінді. Бұл туралы Сәбит мырза "Алматы" арнасына берген сұхбаты барысын айтты.

    "Қазіргі жастардың вайн дегендерін мен бұрын жасап тастағанмын. Қазірдің өзінде мен жүрген бір вайнмын. Балаларыммен бір фото салсам болды, бүкіл әлеуметтік желіде жүремін. Халықтың барлығы рахаттанып жамандап жатады. Мені танымайды, білмейді де. Бірақ, боғауыз сөздер жаудырып жатады. Өзі халық біледі. Маған әуре болудың қажеті жоқ. Сөйлеуге болмайды. Әшейін сурет салсам болды, халық өзі ары қарай алып кетеді. Мен өзім жеке өмір жайлы айтқым келмейді. Ол әркімнің өз шаруасы. Сұхбаттарда да мен тек жұмысқа қатысты тілдесемін. Жеке өміріме қатысты сұрақтарды ысырып тастайтыным рас" , - деді Сәбит Әбдіхалықов.

    Сәбит Әбдіхалықов: Балаларыммен түскен фото салсам, ел жамандап шығады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.