jitsu gif
Шоубиз

    "Ашық үгіттеймін": Ләйлә Сұлтанқызы коронавирусқа қарсы вакцина салдырды (фото)

    Ләйлә Сұлтанқызы вакцина қабылдауда
    Фото: Instagram/sultankyzy

    Отандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Ақпарат өкілі бұл қауіпті вирустан құтылудың жалғыз жолы екенін алға тартты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Ләйлә Сұлтанқызы Instagram парақшасында екпе қабылдаған сәтінен фото жариялап, вакцинация мәселесіне қатысты өз ойын айтты.

    Тележүргізуші арнайы жазбасымен вакцина салдырғандарды сынайтын жандарға шүйлікті.

    Ол екпені қабылдаудың маңыздылығын атап өтіп, оны ашық түрде үгіттейтінін жеткізді.

    "Кеше Hayat-Vax салдырдым. Вакцина туралы ауыз ашсаң, жазсаң болды, жан-жақтан жаман комменттермен бомбалайтын антиваксерлер армиясы қаптап кетеді. Білем. “Жалпы халыққа жеккөрінішті болғың келсе, екпенің елге пайдасын айт. Сені қорлап, лағынет жаударады. Сондықтан сіздермен байланысқым келмейді”, - деп Комаровский де айтқан еді.
    Ектіргендердің көбі үнсіз қалатыны содан шығар. Үлгі көрсетуге жоқ. Үгіттегісі келмейді. Жаманатты болудан қорқады. Ал мен ашық үгіттеймін! Вакцинаға көзқарасым оң. Сен, мейлі сенбе. Бәрібір бұл вирустан құтылудың жалғыз жолы осы. Ұжымдық иммунитет қалыптастырмайынша осылай жылдар бойы пандемиямен өмір сүретін түріміз бар. Шаршаған жоқсыздар ма? Белгілі бір себептермен салдырмайтындарға қатысы жоқ", - деп жазды Сұлтанқызы.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.